Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап 83 елдің азаматтарына визасыз режим енгізіледі

1119

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап 83 елдің азаматтарына визасыз режим енгізіледі

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап 83 елдің азаматтарына визасыз режим енгізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz.

"Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі,  Алматыдағы Универсиада  қарсаңында  барлық келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау мен  Сыртқы істер министрлігінің инвесторларды тартуға жағдай жасау мақсатында  визалық режимді жеңілдету мен  көші-қон бақылауының тиімділігін арттыру қарастырылуда. Бір реттік іскерлік, жеке және екі реттік туристік визаны  48 елге беру қарастырылып отыр", - деді  министр.

Бүгінгі таңда  Қазақстанға визаның рәсімделуінсіз 19 елдің азаматы келе алады.

"2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап  45 ел мен ЭЫҰ мен ЕО, БАӘ, Малайзия, Сингапур, Монако Королдігі  Қазақстанға  30 күнге дейін визасыз режиммен келуге мүмкіндік алады", - деді Е.Ыдырысов.

Оның айтуынша, өткен аптада  дипломатиялық конкурс  пен БАҚ өкілдеріне 2017 жылдың  1 қаңтарында күшіне енетін жаңа визалық тәртіптің ережелері түсіндірілді.

"Визалық режимді либерализациялау ұлттық қызығушылықты ескерумен жүзеге асырылды. Аталған мемлекеттерден басқа, тағы  19 ел екіжақты келісілген құжаттар бойынша визалық тәртіптен босатылды", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу