Қазақстанда 2022 жылғы жалпы ішкі өнім өсімі 3,2% құрады

1310

Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ)  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2% құрады, атаулы мәнде 101,5 трлн теңге.

Қазақстанда 2022 жылғы жалпы ішкі өнім өсімі 3,2% құрады Фото: inform.kz

Ең үлкен өсімді Құрылыс – 9,4%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%, Көлік және қоймалау – 3,9% және Өңдеу өнеркәсібі – 3,4% салалары көрсетті. 

Жалпы ішкі өнім құрылымындағы ең жоғары үлес Қызметтер өндірісінде – 52,5%, тауарлар өндірісінде – 39,8%, оның ішінде өнеркәсіпте – 29,3%, құрылыста –5,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығнда – 5,2%.

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі. ЖІӨ-нің нақты көлем индексі экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша нақтыланған алдын ала деректер ағымдағы жылдың 21 сәуірінде жарияланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу