Қазақстанда 2023 жылы 387 фильм түсірілді

257

Барлық түсірілген фильмнің тек 25% толықметражды болса, қалған 75% – қысқаметражды.  

Қазақстанда 2023 жылы 387 фильм түсірілді Фото: Gutains

2023 жылы Қазақстанда 387 фильм түсірілді, алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 56 бірлікке артық.

Толық метражды фильмдерден:

  • 35 – ойын
  • 50 – деректі
  • 3 – анимациялық
  • 9 – хроникалық

Кино түсірумен айналысқан кинематография ұйымдарының саны 98 болса, 2022 жылы олардың саны 67 болған.

2023 жылы барлық киносеансқа барушылардың 39% ұлттық киноны көрген – бұл бір жылдағы 20 млн көрерменнің 8,2 млн-ы.

Жалпы елімізде 113 кинотеатр бар. Олардың көпшілігі Республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы (21 бірлік), Астана (10 бірлік), Шымкент (10 бірлік).

Өткен жылы барлығы 985 мың киносеанс өткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу