Қазақстанда 22 эндаумент қоры бар

168

Мәжілісте "Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы" заң жобасы қаралды. 

Қазақстанда 22 эндаумент қоры бар Фото: istoki-foundation.org

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек эндаумент қорлары барлық елде кең таралған тәжірибе екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 22 эндаумент қоры бар. Оның 15-і – білім беру саласында.

"Орташа капиталы 1 млрд теңгеден аспайды. Ірі қорларды атап өтсек, Физмат, "Қазақстан халқына", Назарбаев университетінің қорлары. Жеке заңның қажеттілігі эндаумент қорларының инвестициялық қызметін, инвесторлардың эндаумент қорларына мақсатты жарналар бойынша мүліктік құқықтарын, олардың мақсатты пайдалануына тәуекелді бақылау және т.б. мәселелерін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің болмауына байланысты болды. Эндаумент қорлары қайырымдылықты инвестициялық  қорлардың функцияларын қос табиғатын біріктіреді, сондықтан да жеке заң қажет болды", - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл табысты эндаумент қорлары барлық елде кең таралған тәжірибе екені айтылды. Заңды әзірлеу барысында АҚШ, Ресей, Австралия, Сингапур, Франция тәжірибесі ескерілген.

"Салымшыларды, қолдаушыларды эндаумент қорларына ынталандыру үшін арнайы салық жеңілдіктері көзделді. Депутаттардың ұсыныстарымен қазіргі таңда Мәжілісте қаралып жатқан Салық кодексінде салымшылардың эндаумент қорға салған жарналарға 100 пайызға дейін жеңілдіктер көзделген", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, осыған дейін Саясат Нұрбек эндаумент қорлары не үшін керек екенін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу