Жаңа өрт сөндіру бекеті Пресноредут, Макарьевка және Нұрымбет ауылдарымен қатар, Ястребинка, Семиозерка және Песчанка шағын аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Нәтижесінде, 538 тұрғынның өрт қауіпсіздігі күшейіп, төтенше жағдайларға ден қою уақыты айтарлықтай қысқарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған бекет заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, сондай-ақ кезекші құрамның жұмыс істеуіне, демалуына және тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған арнайы орындар қарастырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа бекетке өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын және қажетті жабдықтарды тапсырды. Сонымен қатар, еріктілер ТЖД мамандарының жетекшілігімен арнайы дайындықтан өтті. Алдағы уақытта олардың теориялық білімі мен тәжірибелік машықтары тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.
Жоба ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін дамытуға бағытталған.