Компанияның мәліметінше, 23 қараша сағат 04:30–да Ақмола облысында күннің бұзылуына (температураның төмендеуі, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар КАZ02 "Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) 19-231 (Астана қ. — Щучинск қ.) учаскесінде барлық көлік түрі үшін жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.
Бұған қоса, үш облыста көлік қозғалысы шектелген.
Павлодар облысы
"Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке "Қалқаман — Ақсу" көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс "Баянауыл" көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы
"Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы" автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.