Қазақстанда 3 айға жететін қант қоры бар

1643

2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант импортталды.

Қазақстанда 3 айға жететін қант қоры бар

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, деп жазды inbusiness.kz. 

Қант қоры тұрақтандыру қорлары мен сауда нысандарында шоғырланған, ол халықтың 3 айдағы сұранысын өтеуге мүмкіндік береді.

Жеткізушілер географиясын кеңейту және тәуекелдерді азайту аясында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қантты сатып алу жұмыстары жүргізілуде: Қазақстанның 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін кедендік баж салығын төлемей 250 мың тонна қантты импорттау мүмкіндігі бар.

“Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірқатар шаралар қабылданатын болады, оның ішінде сауда объектілерінің "өңдеу схемасын" қолдануы және тұрақтандыру қорларының интервенциялары бар”, – деп жазылған хабарламада. 

2021 жылы Қазақстанда отандық қант өндірісі 276,9 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 89%-ға жоғары.

Қазақстан Республикасындағы тұтынылып жатқан қанттың 60%-ға жуығы (өнеркәсіптік пайдалануды қоса алғанда) импорттық өнімдер. 2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант импортталды.

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына 275,8 млн тонна импортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,7%-ға аз.  Бразилиядан – 164,6 млн тонна, Белоруссиядан – 35,5 млн тонна, Мексикадан – 30,4 млн жеткізілді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу