Қазақстанда 37 тоннадан аса қауіпті өнім жойылды – бас санитарлық дәрігер

634

Қазақстанда 37 тоннадан аса қауіпті өнім жойылды – бас санитарлық дәрігер

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық комитеті биыл қаңтар-ақпан айларында жүргізілген мониторинг барысында 37 тонна қауіпті өнімді анықтап, жойды. Бұл туралы комитет төрағасы, республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды today.kz. 

"Анықталған фактілер бойынша 37 тонна қауіпті өнімді жою шаралары қолданылды, сатылымнан 0,5 тонна бұрмаланған өнім алынып тасталды", – деді ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, өнімнің біраз бөлігінде сальмонеллез, стафилококк қоздырушылары болған, құс етінде шамадан тыс ылғалдық  анықталған.

"Мерзімі өтіп өткен, қайта маркіленген жұмыртқа, табиғи емес сүт өнімдерінің, шошқа ДНҚ-сы бар халал делінген ет өнімдерінің сатылғандығы анықталған", – деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу