Қазақстанда 38,7 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

250

Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда. 

Қазақстанда 38,7 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды Фото: АШМ

Облыстар әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал азығының барлық түрі бойынша 38,7 млн тонна азық дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңіне жоспарланған көлемнің 93,7%-ын құрайды.

Бүгінгі таңда 26,4 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,3 млн тонна сүрлем, 4,3 млн тонна сабан және 3,4 млн тонна құрама жем дайындалды.

Шөп дайындау жоспарының артығымен орындалуы қосымша сақтандыру қорларын қалыптастыруға және қолайсыз ауа райы жағдайлары туындаған кезде мал шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңі басталғанға дейін 25,7 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау жоспарлануда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізіліп жатқан мониторинг және резервтерді уақтылы қалыптастыру мал шаруашылығы нысандарын қажетті азық қорымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы қорада ұстау кезеңін тұрақты өткізуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу