Қазақстанда 38 млрд теңгеге жиһаз шығарылды

880

Өндірістің тең жартысы Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарында шоғырланған. 

Қазақстанда 38 млрд теңгеге жиһаз шығарылды

Елімізде отандық жиһаз жетіспеушілігі жоғары, деп хабарлады Еnergyprom.kz.

2019 жылы отандық компаниялар 37,9 млрд теңгеге өнім шығарған. Статистика комитетінің мәліметінше инфляцияны ескергенде аталған сектор табысы 0,1%-ға өскен. 

2018 жылы көрсеткіш 38,6 млрд теңгеге тұрақтаған. Яғни, 2017 жылдан 3,1%-ға жоғары. 
Жиһаз шығару бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполис өткен жылы 12,1 млрд теңгеге өнім шығарған. Одан кейінгі орында 4 млрд теңгеге бұйым құрастырған Алматы облысы мен 3 млрд теңгемен Ақмола облысы тұр. Аталған өңірлерде елімізде жергілікті компаниялар жасаған жиһаздың жартысынан көбін әзірленген.  

Жалпы Қазақстанда ас бөлмесіне арналған жиһазын шығару көлемі 42% төмендеген. 2019 жылдың 11 айының қорытысына бойынша отандық компаниялар кеңсе жиһазына сұраныстың 76,4%-ын, ас бөлмесі 50,1%-ын, орындық пен өзге де отыруға арналған бұйымдардың 62,1%-ын қамтамасыз еткен. 

Бұл ретте өзге сегментте импорттық жиһаз көлемі жоғары. Мәселен, жатын бөлме, қонақ бөлмесіне арналған жиһаздарға сұраныстың 88,8%-ын импорттық бұйымдармен қамтамасыз еткен. Бұдан бөлек сауда-саттық пен дүкендерге арналған жиһаздардың 69%-ы шет елден келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу