Қазақстанда 4,7 млн-ға жуық автокөлік бар

558

Оның ішінде 87,6% – жеңіл автомобильдер, 10,3% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Қазақстанда 4,7 млн-ға жуық автокөлік бар Фото: kazbusiness.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,4%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1642 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллоны қойылған автомобильдің үлесі 0,2% құрады, тағы 1936 бірлік автомобиль электр қуаты көмегімен қозғалады.

2023 жылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8%-ға азайды.2)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу