Қазақстанда 4,9 мың нотариус жұмыс істейді – вице-министр

113

Барлық аймақ нотариаттық қызметпен қамтылған.

Қазақстанда 4,9 мың нотариус жұмыс істейді – вице-министр Фото: kp.ru

Еліміз бойынша 4,9 мың нотариус бар. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қаралды.

"Қазіргі уақытта республика бойынша 4900 нотариус жұмыс істейді. Жалпы барлық аймақ нотариаттық қызметпен қамтылған. Бірақ жеке нотариусы жоқ елдімекендерге ауыл әкімдері заңнамаға сәйкес жекеленген нотариаттық әрекеттерді жасай алады", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу