Қазақстанда 4 күндік жұмыс кестесі енгізілуі мүмкін

4238

Сауалнамадан өткен кәсіпорындардың 15-пайызы ғана 4-күндік жұмыс аптасын қолдаған.  

Қазақстанда 4 күндік жұмыс кестесі енгізілуі мүмкін

Мұндай болжамды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның айтуынша, Қазақстанда  мемлекеттік қызметкерлерден басқа, жеке компаниялар қол астындағылардың жұмыс уақытына өздері жауапты. Яғни қызметінің көлеміне, саласының ауқымдылығына қарай компанияның эйчар мамандары шешеді. Тек еңбек кодексына сәйкес болу керек. 
Айта кетейік, соңғы кездері көрші Ресейде де осы мәселе қызу талқыға түсуде. Ал Батыс елдерінде көптеген халықаралық компаниялар 4-күндік жұмыс кестесін сынақтан өткізген. Нәтиже бойынша IT саласының мамандарына тиімді болса, өндірістегі қызметкерлерге, керісінше, зиянын тигізеді екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу