Қазақстанда 4 млн-ға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды

380

Биыл 215 мың түлек мектеппен қоштасса, 13 мыңнан астам оқушы "Алтын белгіге" үміткер.  

Қазақстанда 4 млн-ға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды Фото: Almaty.tv

Қазақстанда 2025–2026 оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша, 25 мамырда барлық білім беру ұйымдарында "Заң мен тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары!" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, оқу жылы қорытындыланды.

Биыл 343 мың оқушы 9-сыныпты, ал 215 мың оқушы 11-сыныпты тәмамдайды. "Алтын белгіге" 13 175 түлек үміткер болса, 11-сынып бойынша 18 555 және 9-сынып бойынша 31 181 оқушы "Үздік аттестатқа" үміткер атанып отыр.

Сонымен қатар, еліміздегі 763 колледжде 168 мың студент оқуын аяқтайды.

9 және 11-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы 29 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді. Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету үшін емтихан материалдары білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жеткізіледі.

"11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланған. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды. Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті", – деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу