Қазақстанда 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр

201

Жыл соңына дейін 97 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған.

Қазақстанда 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстанда 2026 жылы республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы жөндеу жұмыстарымен қамтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл соңына дейін 2 мың шақырымнан астам жолда орташа жөндеуді аяқтап, күрделі жөндеуден өткен 97 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған.

Қазір жалпы ұзындығы 3,6 мың шақырымнан асатын 124 учаскеде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 1,2 мың шақырымнан астам жолдың негізі дайындалған. 1,8 мың шақырымға асфальтбетон жабынының төменгі қабаты, ал 2,2 мың шақырымға жоғарғы қабаты төселді.

Сонымен қатар ұзындығы 343 шақырымды құрайтын 60 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның екеуі пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 8 нысандағы жалпы ұзындығы 97 шақырым жолды жөндеп, қолданысқа беру көзделген.

Республикалық жол желісін жаңғыртуға бағытталған жаңа жобалар да әзірленіп жатыр. Жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және өңірлер арасындағы көлік қатынасын дамытуға бағытталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу