Елімізде 40 балалар омбудсмені оқушылардың құқығын республикалық деңгейде қорғайды

102

Балалар омбудсмендері – бала мен мемлекет арасындағы сенімді көпір. 

Елімізде 40 балалар омбудсмені оқушылардың құқығын республикалық деңгейде қорғайды Фото: Оқу ағарту министрлігі

Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірінен 40 жас балалар омбудсмені анықталды. Олар оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін республикалық деңгейде қорғауға атсалыспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балалар омбудсмендері – бала мен мемлекет арасындағы сенімді көпір. Олар өз замандастарының құқығын қорғауға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етеді, әлеуметтік бастамаларды қолдайды және балалардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын насихаттайды.

Сонымен қатар, жас омбудсмендер балалардың мүддесін ескеретін мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

"Біз үшін әр баланың өз тағдырына қатысты шешімдерге үн қосуы аса маңызды. Балалар омбудсмендері – баланың үні естіліп қана қоймай, ескерілетін жүйенің ажырамас бөлігі. Олар – біздің балалардың құқықтарын қорғаудағы сенімді серіктестеріміз", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – балалардың өзін-өзі басқару қабілетін дамыту, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық әріптестікті нығайту.

Айта кетсек, балалар өкілдігі институты 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде балалар омбудсмендерін сайлау еліміздің білім беру ұйымдарындағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу