Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

210

Бұл алдағы қысқы қора-жай кезеңіне жоспарланған көлемнің 103,6%-ын құрайды. 

Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды Фото: АШМ

Облыстар әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 26,7 млн тонна шөп әзірленді, бұл жоспардың 104,1%-ы. Сондай-ақ 2,4 млн тонна пішендеме (102,5%), 2,8 млн тонна сүрлем (99,4%), 4,8 млн тонна сабан (102%) және 4,6 млн тонна құнарландырылған жем (80,6%) дайындалды.

Жемшөптің негізгі түрлері бойынша жоспарлы көрсеткіштердің артығымен орындалуы қосымша қор қалыптастыруға және алдағы қысқы қора-жай кезеңінде мал шаруашылығы кәсіпорындарының ауа райының қолайсыз жағдайларына төтеп беруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шаруашылықтарда өткен жылғы қыстық кезеңнен қалған жемшөп қоры бар. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қосымша жемшөп ресурстарымен қамту мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" акционерлік қоғамы алдағы қысқы кезеңге астықтың жемдік қорын әзірледі. Қажет болған жағдайда ол резервтік ресурс ретінде пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының қорытынды кезеңіне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Барлық іс-шаралар  жемшөптің қажетті қорын уақтылы қалыптастыруға, мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеткілікті жемшөп базасымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы қора-жай кезеңінің тұрақты өтуіне бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу