Қазақстанда 442 мың жұмыссыз бар

1458

Жұмысқа іліге алмай жүргендердің дені Алматы қаласы мен Алматы облысында және Түркістан өңірінде тіркелген.

Қазақстанда 442 мың жұмыссыз бар

Елдегі жұмыссыздар саны биылғы жылдың I тоқсанында 442 мыңға жетті. Олардың 233 мыңы әйел адам болса, 209 мыңы – ерлер.

Статистика комитетінің мәліметінше, 61 мың адам кәсіпорындардың жабылуы салдарынан жұмыссыз қалған. Тағы 54 мыңы бұрын сауда саласында еңбектенсе, 38 мың қазақстандық өнеркәсіптің маманы болған. Олардан бөлек, еңбек биржасында 32 мың құрылысшы, 27 мың педагог, көлік саласының 22 мың қызметкері және ауыл шаруашылығы саласынан 22 мың адам екі қолға бір күрек таппай жүр. 18 мың мемлекеттік қызметкер мен 10 мың әлеуметтік қызметкер де жұмыстан шығыпты.

Өңірлер көлемінде қызметке іліне алмай жүргендердің дені Алматы қаласы мен Алматы облысында және Түркістан өңірінде тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу