Қазақстанда 500-ден астам палестиналық тегін білім алатын болды

130

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің отырысында мәлімдеді.     

Қазақстанда 500-ден астам палестиналық тегін білім алатын болды Фото: theintercept.com

Мемлекет басшысының айтуынша, оқу гранттары бес жылдық мерзімге есептелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Палестиналық студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында әртүрлі білім беру бағыттары бойынша тегін оқи алады.

Сонымен қатар Президент Қазақстан халықаралық деңгейде беделі мойындалған компанияларды тарта отырып, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін айтты. Бұл тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына қатысты болмақ.

Бұдан бөлек Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу