Қазақстанда 500 мың адам онлайн-несиеге қарыз

1087

Онлайн-несие берумен еліміз бойынша 300-ге жуық компания айналысады. Олардың тек 10-ны ғана отандық, қалғаны сырттан келген. 

Қазақстанда 500 мың адам онлайн-несиеге қарыз

Ақшадан тарығып, онлайн-несие алатындардың 55 пайызы – жоғары білімі бар адамдар және олардың көбі шаңырақ көтермегендер, деп хабарлайды 24.kz.

Былтыр Ұлттық банк онлайн қарыз беретіндердің жылдық пайыздық үстемелеріне шектеу енгізді. Шағын несие беретіндерге – 56 пайыз, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге 100 пайыздан асырмау туралы талап қойылды. Бұған дейін салада берілген сомаға 2,5 мың пайыз үстеме қосқан компаниялар кездескен.

Онлайн-несие алатындардың қатарында түрлі санат өкілдері бар. Қызметтің бұл түрімен еліміз бойынша 300-ге жуық компания айналысады. Олардың тек 10-ны – отандық, қалғаны сырттан келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу