Қазақстанда 55 интернет-казино сайтына тыйым салынды

766

Қазақстанда 55 интернет-казино сайтына тыйым салынды

Қазақстанда 55 интернет-казино сайтына тыйым салынды. Бұл Атырау облысы, Жылыой аудандық прокуратурасының талап-арызы негізінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды atpress.kz.
Қазақстанда тыйым салынған құмар ойын сайттары интернет желісіне жүргізілген мониторинг арқылы анықталған. Олар Нидерланды, Бельгия, АҚШ, Канада және Аустрия елдерінде тіркелген сайттар болып шықты.

Олар қолданушыларға еркін әрі қолжетімді болған. Тек, тіркелуі қажет. Анықталғандай, интернет-казино ойындары нақты ақшаға жүргізіліпті. Сондай-ақ, ойын түрлері бірнешеге бөлінген. Олар – слот, рулетка, покер, блэкджэк, лотерея және дилер.

Жалпы, Қазақстан Республикасы аумағында интернет-казино қызметіне тыйым салынған. Осы орайда, Жылыой аудандық прокуратурасының талап-арызы сотқа енгізіліп, толығымен қанағаттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу