Қазақстанда 6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударылады

900

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Балаларға арналған ұлттық қордың" қашан өз жұмысын бастайтынын мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда 6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударылады

"Қазақстанда қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі 6,5 млн-нан астам бала бар. Олардың өздерінің арнайы шоты болуы керек. Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Алдағы уақытта олардың арнайы шоты ашылады. Бұл шотқа жыл сайын қаражат түсіп отыруы керек. Бала 18 жасқа толғанға дейін ол қаржыны алуына мұмкіндік болмайды. 18-ге толғанда бала ол қаржыны үйіне немесе оқуына жұмсауға мүмкіндік алады. Қазір біз "Балаларға арналған ұлттық қордың" концепциясын әзірлеу үстіндеміз. Тапсырма бойынша ол 2024 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастауы тиіс", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу