Қазақстанда 66 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ

453

Биылғы жазда жөндеу жұмыстары басталған 260 мектептің 194-інде ғана жұмыс аяқталған.

Қазақстанда 66 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың  Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда айтты.

Министрдің айтуынша, жазда жөндеу жұмыстары басталған 260 мектептің 194-інде ғана жұмыс аяқталған.

"Қазір білім басқармаларымен, әкімдіктермен байланыстамын.  Жөндеу жұмыстарын қыркүйектің ортасында, қазанның ортасында аяқтайтындар бар. Ең бастысы, жөндеу жұмысы болып жатқан кезде басқа мектепке ауыстырылған балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", –деді Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысы мектептерде жөндеу жұмысы аяқталмай жатуының себебі – кей мектепті жөндеу үшін әлі де біршама уақыт қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу