Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл бірнеше бағытта жолдардың құрылысы жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Негізгі транзиттік бағыттармен қатар өңірлік және әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту да ерекше назарда. Атап айтқанда, Қарағанды – Жезқазған және Орталық – Батыс бағыттары. Аталған жобалар бойынша жұмыстар жасалынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың мамыр айында бастаймыз", – деді Көлік министрі.
Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, Қызылорда-Ақтөбе ең маңызды дәліздің ішіне кіреді.
"Бұл участок Батыс-Европа – Батыс-Қытай және Ресей мен Орталық Азия бағыттарының қосылатын арнасы болып есептеледі. Қызылорда – Ақтөбе жобасы 3 учаскеге бөлінген. Ақтөбе-Ұлғайсын және Сексеуіл-Қызылорда құрылысы осы жылы басталады. Ал Ұлғайсын-Сексеуілді келесі жылы бастаймыз. Жоспар бойынша үш учаскінің жұмыстарын бір уақытта бітіруіміз қажет", – деп атап өтті министр.