Қазақстанда 720 шетелдікке заңсыз жолмен ЖСН берілген – прокуратура

184

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстанда 720 шетелдікке заңсыз жолмен ЖСН берілген – прокуратура Фото: diapazon.kz

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Ресейдің 720 азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Прокуратура мәліметінше, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КАҚ филиалы заң талаптарына қайшы келетін әрекеттерде жол берген. Нәтижесінде 720 шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасының аумағында болмағанына қарамастан, өтініштері рәсімделіп, жеке сәйкестендіру нөмірлері бірелген.

Прокуратура шешімімен заңда көрсетілген нормаларға сәйкес, мұндай жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күші жойылып, кінәлі азаматтар жауапқа тартылған.

Еске сала кетсек, Қазақстаннан жеке сәйкестендіру нөмірін алу 2022 жылы басталды. Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келу міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу