Қазақстанда 75 мыңға жуық адам гепатитке шалдыққан

312

Соңғы 10 жылда созылмалы В гепатитімен есепте тұрған науқастар саны 2,5 есе, ал С гепатитімен ауыратындар саны 3,5 есе артқан.  

Қазақстанда 75 мыңға жуық адам гепатитке шалдыққан Фото: yamed.ru

Былтыр 900 мыңнан астам адам скринингтен өтіп, 20 мыңға жуық науқас вирусқа қарсы ем алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәрігерлер вирустың ұзақ уақыт бойы еш белгі бермеуі мүмкін екенін ескертеді. Ерте диагностикалау мен екпе алу, аурудың ауыр салдарын болдырмауға көмектесетін айтады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылы бауыр қабынуынан әлемде 1,34 млн адам көз жұмған. Жыл сайын 1,8 миллионға жуық адам жұқтырады.

Дүниежұзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға дейін өлім-жітімді 65 пайызға төмендетуді мақсат етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу