Қазақстанда 8,5 млн-нан астам электрондық медициналық анықтама берілді

369

ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі екі аптаға қысқарды.  

Қазақстанда 8,5 млн-нан астам электрондық медициналық анықтама берілді Фото: ekb.plus.rbc.ru

Қазақстанда медициналық қызметтерді цифрландыру азаматтарға медициналық көмекті онлайн алуға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылы елде көрсетілген 215 млн-нан астам медициналық қызметтің 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылған.

Медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылған, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. Былтыр азаматтарға 8,5 млн-нан астам электрондық анықтама берілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Дәрігер қабылдауына онлайн жазылу қызметіне де сұраныс артқан. 2025 жылы бұл мүмкіндікті 5,6 млн азамат пайдаланған. Цифрлық сервистер қабылдауға алдын ала жазылып, медициналық ұйымға тіркеу бөліміне бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар цифрлық шешімдер диагностикалық зерттеулерді күту уақытын қысқартуға ықпал етуде. Мәселен, ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі үш айдан екі аптаға дейін қысқарған.

2026 жылдан бастап халықтың негізгі топтарын цифрлық сүйемелдеуді кеңейту жоспарланып отыр. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 7 млн-нан астам бала, репродуктивтік жастағы шамамен 5 млн әйел және 400 мың жүкті әйел қамтылады.

Алдағы уақытта дәрігерлердің бірыңғай онлайн қабылдау кестесін, e-Health порталын және азаматтар мен медицина қызметкерлеріне арналған мобильді қосымшаны іске қосу көзделген. Медициналық анықтамаларды толық цифрлық форматқа көшіру жұмыстары да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу