Қазақстанда 9,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды

113

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

Қазақстанда 9,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды Фото: canva

Бүгінгі күні дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,7 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 41,8%-ын құрайды. Шамамен 9,5 млн тонна астық бастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 268,3 мың тонна майлы дақыл, гектарынан 236,3 центнер өнімділікпен 1 млн тоннадан астам картоп, гектарынан 276,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннаға жуық көкөніс, сондай-ақ гектарынан 274,6 центнер өнімділікпен 2,2 млн тоннаға жуық бақша дақылдарын жинап үлгерді.

Сонымен қатар, 357,4 ц/га өнімділікпен 385 мың тонна қырыққабат, 407,1 ц/га өнімділікпен 458,3 мың тонна пияз және 294,4 ц/га өнімділікпен 174,8 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық тұрғыдан оңтайлы мерзімде жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу