Қазақстанда адам саудасына қатысты 30-ға жуық жағдай тіркелді

477

Төрт ай ішінде Қазақстанда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі құқықтық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда адам саудасына қатысты 30-ға жуық жағдай тіркелді Фото: mk-kz.kz

"Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі адам саудасының құрбандарының 70%-ы әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі - бала. Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты", - деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, жыл сайын елде ұқсас сипаттағы 100-ден астам қылмыс тіркеледі.

"Бұрын мұндай қылмыстардың 300-ге жуығы тіркелген. Биыл төрт айда адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы, министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта ұйымдастырудың арқасында бұл қылмыстардың анықталуы артып келеді", - деп толықтырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу