Тиісті бұйрыққа ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, өзі жұмыс тобының жетекшісі болып бекітілді.
Жұмыс тобына төмендегідей міндеттер жүктелді:
Конкурс өткізу алгоритмі мен ережелерін әзірлеу. Бұл құжатта өтінімдерді қабылдау мерзімі, ұсыныстарды қарау тәртібі нақты көрсетіледі.
Конкурс комиссиясын қалыптастыру. Оның құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, атом энергиясы саласының сарапшылары, тарихшылар мен филологтар кіреді.
Агенттіктің хабарлауынша, конкурс барлық азаматтарға ашық болады. Жеңімпаз атауы еліміздің энергетикалық тарихында маңызды символға айналуы тиіс.
Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.