Қазақстанда ағаш өнімдерін таңбалау пилоттық жүйесі іске қосылады

224

Пилоттық жоба кейінгі кезеңде ұлттық деңгейге масштабтау мақсатында "Семей орманы" МОТР РММ жүзеге асырылатын болады.  

Қазақстанда ағаш өнімдерін таңбалау пилоттық жүйесі іске қосылады Фото: primeminister.kz

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті GIZ-пен бірлесіп, ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талқылауға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысты.

Семинар барысында реттеуші әсерді талдаудың негізгі тұжырымдамалары, ағаш өнімдерін іздеу мүмкіндігін енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар таныстырылды. Қатысушылар таңбалауды енгізудің нормативтік және техникалық аспектілерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін келісу және енгізу бойынша келесі қадамдар нақтыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу