Қазақстанда әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылды

108

Бұл туралы ОКҚ алаңында ұлттық комиссияның мүшесі, Nazarbayev University вице-президенті Гүлмира Қанай хабарлады. 

Қазақстанда әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылды Фото: ortcom_kz

Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, БҰҰ Әйелдер ұйымы 2024 жылы Қазақстанда жүргізген социологиялық зерттеуіне сәйкес, респонденттердің 54,3%-ы STEM мамандықтары "қыздарға жарамайды" деген көзқарас білдірген. Бұл 2025 жылы қоғамдық санаға ықпал ету және әйелдердің аталған салаларда мансаптық өсуді кеңейту бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігін көрсетті.

"Ұлттық комиссия аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жолға қойылды. 2025 жылы 545 әйел оқытудан өтті: 21 – "Тиімді корпоративтік басқару" бағдарламасы, 47 әйел Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы JanAru (ЖаңАру) модульдік бағдарламасы, 60 – "AI Development Day: мүмкіндіктер мен тәуекелдердің шекарасы" бағдарламасы, 417 – генеративті жасанды интеллект модельдерімен өзара іс-қимыл дағдылары бойынша оқытылды", – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, әйелдер қауымдастықтары мен клубтарын құру және дамыту жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу