Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейтіледі

76

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейтіледі Фото: Getty Images/аmixstudio

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі. 

Оның айтуынша, жәрдемақы алуға үміткерлер жан-жақты тексеріледі. Егер алдағы уақытта әлеуметтік көмек алушылар саны қысқарса, үнемделген қаражат есебінен төлемдер көлемін арттыруға мүмкіндік туады.

Вице-министр 2026 жылғы бюджет жобасында әлеуметтік салаға 10,5 триллион теңге қарастырылғанын атап өтті. Бұл қаржы әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды шамамен 10 пайызға арттыруға жағдай жасайды. Алайда, оның сөзінше, әлеуметтік қолдау тек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуі тиіс.

"Қазіргі кезде кейбір азаматтар жәрдемақы алу үшін заңсыз әрекеттерге барады. Жалған мәмілелер жасайды немесе жалған ажырасуларды рәсімдейді. Мұндай фактілер аз емес. Сондықтан Еңбек және денсаулық сақтау министрлігі цифрландыру құралдары арқылы осындай жағдайларды анықтап, негізсіз төлемдерді қысқартатын болады", – деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік көмектің нақты зәру жандарға жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу