Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендеді

239

Картоп 4,2%-ға, қырыққабат 1,2%-ға арзандады.  

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендеді Фото: hunn.kz

12 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ең көп арзандаған өнімдер қатарында картоп (-4,2%), ақ қауданды қырыққабат (-1,2%), алма (-1,1%), пияз және сәбіз (-1%) бар. Сондай-ақ қатты және жартылай қатты ірімшік (-0,3%), 5-9% майлылығы бар сүзбе мен тұз (-0,2%), бірінші сұрыпты бидай ұны және қаймақ (-0,1%) арзандаған.

Ал бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, рожки, сиыр еті, жылқы еті, сүт, жұмыртқа және сары майдың бағасы өзгермеген.

Өңірлер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің жалпы бағасы Талдықорғанда 0,7%-ға, Ақтау мен Жезқазғанда 0,4%-ға, Петропавлда 0,3%-ға, Астанада 0,2%-ға төмендеді. Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен және Павлодарда баға 0,1%-ға арзандаған.

Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 259 теңге болды. Ең төмен баға Павлодарда – 191 теңге. Қырыққабаттың орташа бағасы 189 теңгені құрады. Түркістанда оның килограмы 142 теңге, Таразда 152 теңге болды.

Алманың орташа бағасы 797 теңге болса, Шымкентте ең төмен баға – 639 теңге тіркелді.

Ет өнімдерінің ішінде сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 779 теңге, тауық етінікі 1 736 теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу