Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі

218

 Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, республикада әлеуметтік міндеттемелердің барлығы мүлтіксіз орындалуда. 

Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі Фото: Inbusiness.kz

11 айдың қорытындысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 908,5 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде:

  • 257,1 мың – ұлттық жобаларды іске асыру барысында;
  • 294,3 мың – бос жұмыс орындарына;
  • 357,1 мың – Мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы аясында.

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына биыл 196,3 мың адам жұмысқа тұрды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға бизнес ашу үшін 400 АЕК (шамамен 1,3 млн теңге) мөлшерінде 9,1 мың мемлекеттік грант берілді.

Наурызда 21 жастан 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастар үшін 2,5% жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылды.

Нәтижесінде жалпы сомасы 25,4 млрд теңгеге 5,4 мың бизнес-жоба мақұлданды.

Мемлекет басшысының "Ұлттық қор – балаларға" бастамасы аясында оны орындау тетігі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңмен көтеру үрдісі жалғасын тапты.

  • 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін барлық жәрдемақының мөлшері 8,5%-ға көбейді.
  • 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы 10,5%-ға өсті.

Отбасының цифрлық картасы аясында табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға проактивті түрде әлеуметтік қолдау тағайындау енгізілді.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 113,6 мың отбасынан 595,7 мың адамға тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу