Қазақстанда алғашқы геймификацияланған "БӨЛЕКТАУ" экожолы ашылды

164

"БӨЛЕКТАУ" экожолының ашылуы – Қазақстанда тұрақты туризм мен экологиялық ағартуды дамыту жолындағы маңызды қадам. 

Қазақстанда алғашқы геймификацияланған "БӨЛЕКТАУ" экожолы ашылды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бурабай ұлттық паркінің аумағында еліміздегі алғашқы геймификацияланған экологиялық жол – "БӨЛЕКТАУ" ресми түрде ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жоба Home Credit Bank-тің бас демеушілігімен, Бурабай ұлттық паркі, Ақмола облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жобалық кеңсесі және Орталық Азияның Тұрақты Даму Қоры Creative Innovation Institute серіктестігінде жүзеге асырылды.

Экожол – тұрақты туризм, цифрлық технологиялар мен білім беру элементтерін тиімді ұштастырған бірегей үлгіге айналды. Бағыт бойында ақпараттық стендтер, квест тапсырмалары, көптілді аудиогидке қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар және 11 жасар оқушының идеясы негізінде әзірленген интерактивті Telegram-бот орнатылған.

Жобаның бас серіктесі Home Credit Bank экожолды салудан бастап, оны цифрлық және білім беру құралдарымен толықтыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсетіп, ESG қағидаттарына және әлеуметтік бастамаларға бейілді екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 Жоба табиғи мұраны насихаттауға, жастарды тартуға және экологиялық жауапкершілік ұстанымдарын алға жылжытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу