Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісі 17%-ға өсті

408

Қазақстан 172,8 млн литр алкогольсіз сусын экспорттады.  

Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісі 17%-ға өсті Фото: ixbt.com

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға көп.

Ішкі нарықта 1,7 млрд литр өнім сатылып, өткізу көлемі 21%-ға артты. Ал алкогольсіз сусындар импорты 29,6%-ға өсіп, 217,1 млн литрге жетті. Импорттық өнімнің ішкі нарықтағы үлесі 11,4% болды.

Есепті кезеңде Қазақстан 172,8 млн литр алкогольсіз сусын экспорттады. Оның жалпы құны 75,5 млн долларды құрады.

Экспорттың негізгі нарығы – Қырғызстан. Бұл елге 94,9 млн литр өнім жөнелтіліп, экспорт құны 39 млн доллар болды.

Өзбекстанға экспорт 39,2 млн литрден 48,3 млн литрге дейін өсті. Жеткізілім құны 28,1 млн долларды құрады.

Ресейге экспорт көлемі 2,5 еседен астам артып, 9,2 млн литрден 23,5 млн литрге дейін өсті.

Арменияға экспорт шамамен 10 есеге ұлғайып, 548,5 мың литрге жетті. Әзербайжан мен Грузияға жеткізілімдер 12 еседен астам өсіп, тиісінше 342,1 мың және 393,5 мың литрді құрады.

Сонымен қатар Тәжікстанға экспорт 2,5 млн литрден 2,9 млн литрге, Моңғолияға 802,1 мың литрден 930,2 мың литрге, ал Корея Республикасына 117,7 мың литрден 171,5 мың литрге дейін артты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісімен 145 кәсіпорын айналысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу