Алтынның бір грамы шамамен 58 457 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 28 тамызда алтын грамының бағасы 58 456,84 теңгені құрап отыр.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) хабарлауынша, Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға артып, елдің жалпы алтын қоры 298 тоннадан асқан. Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есептемегенде, Қазақстан алтын қоры бойынша 18-ші орында тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу