Қазақстанда аптап ыстық сақталады

251

Демалыс күндері бірқатар өңірде 40-43 градус ыстық болады.  

Қазақстанда аптап ыстық сақталады Фото: ulysmedia.kz

14 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа, Түркістан облысында 40-44 градусқа, Қызылорда облысында 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Алматы облысының солтүстігі мен Жетісудың солтүстігі және шығысында 40-41 градус, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус ыстық болады.

Алматыда күндіз 35-37 градус, Астанада желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында найзағайлы жаңбыр жаууы ықтимал.

Батыс және солтүстік өңірлердің кей жерлерінде де жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанып отыр. Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, 15-16 тамызда Алматы облысының солтүстігі мен Жетісу облысының солтүстігі, шығысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде де 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу