Қазақстанда астық жинайтын комбайн өндірісі айтарлықтай артты

165

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Қазақстанда астық жинайтын комбайн өндірісі айтарлықтай артты Фото: Петропавловск.news

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі өсіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 449 дана астық жинайтын комбайн құрастырылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, ауыл және орман шаруашылығына арналған трактор өндірісі де 39,3 пайызға өскен. Қаңтар–маусым аралығында 3 915 трактор шығарылды.

Статистика бюросының дерегінше, отандық тракторлардың ішкі нарықтағы үлесі 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында 46,7 пайызды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу