Қазақстанда Атлантикалық лосось өсірілмекші

865

Ресейлік инвесторлар Қазақстанда Атлантикалық лосось өсіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. 

Қазақстанда Атлантикалық лосось өсірілмекші

Қазақстанның Ресейдегі Сауда Өкілдігі Kazakh Invest және Ресейдің Инвестициялық Қоры (RFC) бірлесіп, ҚР-дың Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен онлайн режимінде келіссөздер жүргізді, аталған іс- шара барысында олар бұл істі "Қорғас Шығыс қақпасы" жобасына қосып, қолдау көрсетулерін ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz  .

"Бұл мәселені Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтардың қызметі жөніндегі республикалық комиссия отырысына шығаруға ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегі туралы келісім жасалды. Сонымен қатар, вице-министр аталған инвестициялық жобаны ҚР Үкіметі жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қарауына жіберуді ұсынды. Бұл мәселеге ҚР Сыртқы істер министрлігі көмектеседі", - деп хабарлады өкіл.

Көрсетілген презентацияға сәйкес Tuloma Salmon компаниялар тобы жылдық қуаттылығы 2,5 мың тонна өнім шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Өндіріс израильдік AquaMaof компаниясы жасаған ЖСЖ (Жабық сумен жабдықтау қондырғысы) технологиясын қолдана отырып жұмыс істейді. Балықтарды Қазақстан, Ресей және Қытай нарықтарына шығару жоспарланған.

Жобаның құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды. Оның 20-25% -ын RFC, инвестициялайды, ал қалған қаражат несие арқылы жиналады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан импорт бойынша балыққа және азық-түліктің бес түріне тәуелді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу