Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады қар, көктайғақ және үсік күтіледі

277

Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, жел соғады.

Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады қар, көктайғақ және үсік күтіледі Фото: astanatv.kz

21 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел, жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 30 м/с-тен асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында оның екпіні кей уақытта 30 м/с-тен асады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Түнде солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Шығысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстік, оңтүстік, шығыс және таулы аудандарда 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз шығысында жел 23-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Түнде солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Шығысы мен таулы аудандарында қалың қар түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні кей жерлерде 24-29 м/с-ке жетеді.

Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні күндіз солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда 24-29 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауып, түнде солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, ал солтүстігі мен шығысында 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауып, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда түнде, ал облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында күндіз 15-20 м/с болады. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні солтүстігі мен таулы аудандарда 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде солтүстігінде 1 градус үсік болуы ықтимал.

Ақтөбе облысында солтүстіктен және солтүстік-батыстан жел соғып, түнде солтүстік-шығысында екпіні 15 м/с болады. Шығысында жоғары, ал батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында түнде батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Облыс бойынша төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу