Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған 10 қаланың тізімі жарияланды

1324

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған 10 қаланың тізімі жарияланды Фото: Максим Морозов

"Бүгінгі күні өңірлердің негізгі экологиялық проблемалары: атмосфералық ауаның, жер үсті суларының ластануы және қалдықтармен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі. Мәселен, атмосфера ауасының экологиялық мониторингіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінен 10 қала атмосфера ауасының жоғары ластану деңгейіне жатады", - деді министр Үкімет отырысында.

Министр атаған қалалардың тізімі мынадай: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Ластаушы заттардың шығарындыларының жалпы көлемі бұл қалаларда 2,5 миллион тоннаны құраған.

"Ал жер үсті суларының ластануының негізгі себептерінің бірі – ескірген кәрізтазарту нысандары. Былтыр республика бойынша ластаушы заттар төгінділерінің жалпы көлемі 1,1 миллион тоннаны құрады. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу проблемасы да шешілмей тұр. Атап айтқанда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және апатты үйінділер көп", - дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу