Қазақстанда ауасы лас қалалар: Алматы, Астана, Қарағанды

892

Еліміздегі ауасы ластанған қалалардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Қазақстанда ауасы лас қалалар: Алматы, Астана, Қарағанды Фото: the-steppe.com

Бір апталық зерттеу барысында Қарағанды қаласында ауаның ластану шегі рұқсат етілген нормадан 521 рет асып кеткен. Шаһардағы ауасы ең ластанған жер – Пришахтинск шағын ауданы.

Ал Алматыда ауаның шектен тыс ластануы 123 рет тіркелген. Түрксіб ауданы бойынша барынша ластанған деп отыр мамандар. Еліміздің бас қаласы Астанада шекті нормадан 1 318 рет қайталанған.

Өзге өңірлерде ауаның ластану деңгейі қалыпты деп бағаланып отыр. Ақтөбе және Шымкент қалаларында ластаушы заттардың шамадан тыс асуы тіркелмеген. Ең бастысы – зерттеу барысында экстремалды-жоғары ластану жағдайы бірде-бір байқалмапты.

Төменде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізілді:

•        Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу