banner

Қазақстанда аусыл бойынша жағдай тұрақты

766

Бұл туралы АШМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда аусыл бойынша жағдай тұрақты

"Ақмола және Павлодар облыстарында үй жануарларына жасалған зертханалық зерттеулер кезінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, контагиоды плевропневмония, пастереллез, вирустық диарея және аусыл сияқты аурулар анықталған жоқ", – деп жазылған хабарламада. 

Айта кетсек, 14 қаңтарда Қарағанды облысында аусыл ошағын тіркелген болатын. Бұл мәселе бойынша жауапты ведомство тиісті жұмыстар атқарған.

"Шет ауданы Киікті ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруа қожалығына карантин қойылып, байланыста болған барлық жануарлар жойылды, сондай-ақ дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымға аусыл ауруы туралы дереу хабарлады. Осыған байланысты Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы вакцинациясыз аусыл бойынша салауаттылық мәртебесін тоқтатты, ал импорттаушы елдер (Ресей, Қытай, Белоруссия және т.б.) Қазақстаннан тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты экспорттауға қатысты шектеу шараларын енгізді, бұл қазақстандық экспорттаушылардың мүдделік қолдауының (лобби) жоқтығын көрсетті", – дейді министрліктен.

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің хаттарына сәйкес биыл сәуір айынан бастап Қазақстан аумағынан тағамдық коллаген өндіру үшін ІҚМ терілерін әкелуге рұқсат етілген.

Сонымен қатар Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық саулықты сақтау үшін Қазақстанның орталық аймағында ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау туралы шешім қабылдады, бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу