Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны бір жылда 9,6%-ға артты

143

Мал шаруашылығы бағыты кооперативтер құрылымында ең үлкен үлесті құрайды.  

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны бір жылда 9,6%-ға артты Фото: ecfs.msu.ru

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 4 894 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 429 кооперативке көп.

Кооперативтер санының өсуі бірқатар өңірлерде байқалды. Ең жоғары өсім Ұлытау, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Ал ең көп кооператив Түркістан облысында шоғырланған – өңірде 994 кооператив жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің 20%-дан астамын құрайды.

Салалар бойынша ең үлкен үлесті мал шаруашылығымен айналысатын кооперативтер құрайды – 1 882. Сондай-ақ аралас бағытта жұмыс істейтін 1 554 кооператив бар.

2025 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірген өнім көлемі 117,6 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 40,2%-ға артты. Өткізілген өнім көлемі де 22,2%-ға өскені атап өтілді.

Сонымен қатар кооперативтердің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі жақсарған. Тракторлар саны 24,9%-ға, соқалар саны 11,1%-ға көбейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу