Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,2%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құрады

332

Өсім негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 3,3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 

Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,2%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құрады

Қазақстанда ет 4,5%-ға артық (тірі салмақта 1 млн тонна) және сүт 2,9%-ға артық (3,2 млн тонна) өндіріле бастады.

Жыл басынан бері елімізде мал басы мен құс санының өсуі байқалады. Мәселен, ІҚМ саны 3,7%-ға артып, 10,3 млн басты, қой мен ешкі 3,4%-ға көбейіп, 27,4 млн басқа, жылқы басы 8,4%-ға өсіп, 4,4 млн басқа жетсе,  құс саны 1,2% - ға артып, 49,9 млн басқа дейін өсті. 

79,3 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығының өнімі өндірілді. Аталған кезеңде елдегі азық-түлік өндірісі ақшалай баламада 5,3%-ға өсті немесе 1,5 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, көкөніс консервілерін шығару көлемі 21,1%-ға (8,1 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін), сары май 18,2%-ға (12,4 мың тоннадан 14,6 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 7,6%-ға (315,9 мың тоннадан 339,7 мың тоннаға дейін), қант 5,7%-ға (148,9 мың тоннадан 157,5 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері 4,9%-ға (30,6 мың тоннадан 32,1 мың тоннаға дейін), өңделген сүт   3,3%-ға (287 мың тоннадан 296,6 мың тоннаға дейін), ұн 0,4%-ға (1 604,1 мың тоннадан 1 610,3 мың тоннаға дейін) өсті.

Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына инвестиция ағынының тұрақты үрдісі сақталып отыр.

Ауыл шаруашылығына салынған капитал көлемі 22,1%-ға ұлғайып, 432,8 млрд теңгені құрады, тамақ өнімдерін өндіруге құйылған қаржы 13,4%-ға артып, 62,5 млрд теңгеге жетті.

5 айда АӨК өнімінің экспорты 2,3 млрд долларды құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға артық. Сондай-ақ экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу