Қазақстанда ауылдар саны азайды

544

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның аумақтық ерекшеліктеріне қатысты жаңа деректер жариялады. 

Қазақстанда ауылдар саны азайды Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Қазақстанда барлығы 188 аудан, 89 қала мен 6286 ауыл тіркелген, деп жазады Inbusiness.kz.

Республика бойынша қала мен ауданның ең көп саны Ақмола облысында тіркелген – 11 қала және 17 аудан.

"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудандар саны 2 бірлікке артқан, бір-бір жаңа аудан Астана және Шымкент қалаларында құрылған", - делінген хабарламада.

Ал ауылды елдімекендердің ең көп саны Түркістан (825), Солтүстік Қазақстан (635) және Ақмола облыстарында (589). Егер бір жыл бұрынғы мәліметтермен салыстырсақ, ауылдар саны 7 бірлікке азайған. Батыс Қазақстан облысында 3 бірлікке, Қарағанды облысында 5 бірлікке, ал Түркістан облысында, керісінше 1 ауыл қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу