Қазақстанда автокөлікті жалға алу қызметтерінің көлемі азайды

524

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Қазақстанда автокөлікті жалға алу қызметтерінің көлемі азайды Фото: ernur.kz

Елімізде автокөлікті жалға алу бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 37,1 пайызға азайды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жеңіл көліктерді жалға беру бойынша қызметтер секторында көрсетілген қызметтер көлемінің төмендеуі байқалды.

"2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қызмет көлемі 80,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылға (127,4 млрд теңге) қарағанда 37,1%-ға аз. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 7,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді", - делінген хабарламада.

Ауылдық жерлерде 4,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу