Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автонесие рәсімдеу кезінде азаматтардың борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есепке алмауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, бұл бастама министрлік үшін маңызды әрі оған қолдау көрсетіліп отыр. Қазіргі қолданыстағы тәртіп жыл соңына дейін сақталғанымен, тиісті ұсыныс Үкіметке жолданған. Сондай-ақ, бұл өзгерісті Ұлттық банк те қолдайды деген үміт бар.
Ұсыныс қабылданған жағдайда, автонесие алу кезінде борыштық жүктеме коэффициенті ескерілмейді.
Ал азаматтардың салықтық міндеттемелеріне қатысты қолданыстағы талаптар өзгеріссіз қалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу